Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары айтылды

1 691

Фото:  Өңірлік коммуникациялар қызметіБүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Утегенова аурудың алдын алу жолдары туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл күн әлемде ЖИТС (Жүйелі иммун тапшылығының синдромы) және оның алдын алу мәселелеріне назар аудару үшін белгіленген. Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде ЖИТС-тің таралуын азайту, оның алдын алу және осы дертке шалдыққан адамдарға көмек көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі.Бұл күннің негізгі мақсаты – ЖИТС туралы қоғамды ақпараттандыру. Көп адамдардың осы дерт туралы толық мәліметі болмауы салдарынан аурудың алдын алу қиынға соғады. ЖИТС-ке шалдыққан адамдарға қатысты қоғамда кездесетін стигма мен кемсітушілікпен күресу маңызды. Бұл адамдарға қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік өміріне белсенді түрде қатысуға мүмкіндік беру керек. ЖИТС-тің алдын алу үшін маңызды шаралардың бірі – халықты қорғаныс әдістері, оның ішінде презервативтерді қолдану, қауіпсіз қан құю мен инъекциялық есірткі қолдануды тоқтату туралы ақпараттандыру. Бұл күннің мақсаты сонымен қатар ЖИТС-пен күресетін дәрі-дәрмектер мен зерттеулердің маңыздылығын көрсету болып табылады. 

ЖИТС – жүре пайда болған иммун тапшылығы вирусы. Бұл толық таусылған адам ағзасында кездесетін және бір-біріне қабаттасатын ауыр аурулардан қорғай алмайтын АИТВ инфекциясының дамуының соңғы сатысы. ЖИТС кезеңінде дененің әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қайтымсыз және өмірге сәйкес келмейтін зақымдануы орын алады.  1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні.

Синдром – белгілі бір аурулардың жиынтығы. ЖИТС АИТВ – инфекциясын жұқтырған адамдарда дамиды және осы аурудың соңғы кезеңі болып табылады. Ол адам денесінің әр жерін, ең бастысы – иммундық жүйесін жаулап алады. АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауырған бірдей емес. АИТВ жұқтырған сәттен ЖИТС даму ұзақтығы 7 жылдан 15 жылға, одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Жалпы, АИТВ-инфекциясы 3 жолмен жұғады. Біздің облыс бұл аурумен тіркелгендер саны бойынша республикада ең төменгі орында тұр. Негізі СПИД дерті жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайына қарамайтын ауру түрі. АИТВ инфекциясын жұқтырған азаматтардың құқықтары ҚР-ның заңнамаларымен толық қорғалған. Жаңадан анықталған   АИТВ-жұқтырғандарға бірінші психолог дәрігер кеңесі беріледі. АИТВ-статусы айтылып, есепке алынады және тексерулер жүргізіледі. Ал, АИТВ-инфекциясының 4 клиникалық стадиясы бар. І клиникалық сатысы – симптомсыз саты деп аталады. Бұл кезеңде бір немесе бірнеше лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін. ІІ клиникалық сатысы кезінде дене салмағы 10 пайызға дейін түссе, ІІІ сатысында 1 айдан ұзақ уақыт диарея мен қызба пайда болып, үдемелі кандидозды стоматит, тілдің шашты лейкоплакиясы, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Сондай-ақ, ІV кезеңде терең иммунды жетіспеушілік жағдайы туындап, оппортунисті инфекциялар, ісіктер, кахексия, деменция пайда болады. АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін егетін вакцина болмағандықтан, халық арасында санитарлық ағарту тұрақты түрде жұмыстарын жүргізу, яғни түрлі семинарлар, дөңгелек үстел, тренингтер мен кездесу кештері,  акциялар өткізіліп тұрады,- деді Шолпан Жеңісбекқызы.

Әртүрлі мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда халық арасында ЖИТС туралы ақпарат тарату шаралары ұйымдастырылады. Олардың барысында аурудың алдын алу, ЖИТС вирусының таралу жолдары және инфекциядан қорғану тәсілдері түсіндіріледі. Бұл күні кейбір медициналық ұйымдар ЖИТС тестілеуін тегін өткізеді, халықты тексеру шаралары қолға алынады. Әлеуметтік акциялар, концерттер мен көрмелер арқылы жұртшылықты осы дертпен күресуге жұмылдыру мақсатында түрлі мәдени шаралар өткізіледі. Қазақстанда ЖИТС-тің алдын алу бойынша көп жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар ЖИТС-тің таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдап, халыққа түрлі ақпараттық кампаниялар жүргізуде. Бұл шаралар аурудың алдын алуға, ЖИТС-пен өмір сүріп жүрген адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған. 

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні – бұл ЖИТС-тің таралуын тоқтату және адамдардың осы дертке қарсы сақтануын қамтамасыз ету үшін өткізілетін маңызды күн. Бұл күннің мақсаты қоғамды хабардар етіп, ЖИТС туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, осы дерттің алдын алу шараларын күшейту болып табылады.