Рақымшылыққа ілінгендер мемлекеттік қызметке қабылданбайды

293
Бас прокурордың орынбасары рақымшылыққа ілінген азаматтардың анықтамасында «сотталған» емес, «рақымшылыққа ілінген» деп жазылатынын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Рақымшылыққа ілінгендердің тізімі базада сақталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке және құқық қорғау қызметіне ондай адамдар жұмысқа алынбайды, - деді ол бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Шындалиевтің айтуынша, олардың анықтамасында «рақымшылыққа ілінген» деген сөз тұрады.

Рақымшылыққа ілінген адамдар «ақталған» санатқа жатпайды. Олар шын мәнінде қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылады. Бұл ақтамайтын негіздеме. Сол себепті рақымшылыққа байланысты жазадан құтылған азамат үшін заңнама шеңберінде біршама шектеу бар. Атап айтқанда, рақымшылыққа ілінген азаматтар жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттік қызметке де, құқық қорғау органдарына да жұмысқа тұра алмайды. Ал ол адамның туған-туыстарына, бауырларына, қарындастарына бұл шектеулердің ешқандай қатысы жоқ, - деді ол.


Еске сала кетсек, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Заң бүгіннен бастап күшіне енеді. Ол бойынша Қаңтар оқиғасы қатысты мың жарым адамға рақымшылық жасалатын болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.