ЖСДП жылу жүйесінің сапасын сынға алды

1 443

Фото: ЖСДПЖалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жылу тарифтері жүйесін қайта қарауды ұсынды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ЖСДП Астаналық филиалы ұйымдастырған дөңгелек үстелде жылумен қамту саласындағы өзекті мәселелер – тариф пен сапа арасындағы алшақтық, инвестициялық қаражаттың мақсатсыз жұмсалуы және жүйедегі жауапкершілік шекарасының бұлыңғырлығы кеңінен талқыланды.

Энергетик-сарапшы Юрий Страховтың айтуынша, тарифтің жыл сайын өсуіне қарамастан, жүйе сапасы айтарлықтай жақсармай отыр.

"Инвестициялық бағдарлама деген желеумен жиналған қаржы жаңа жабдықтарға емес, кеңсе мүліктеріне жұмсалуда. Бұл – ашық әділетсіздік", – деді ол.

Мамандар тұтынушыны тек төлеуші ғана емес, жүйенің үлескеріне айналдыруды ұсынды. Яғни, инвестиция ретінде жиналған қаржыға сәйкес тұрғындарға акция беру әділетті шешім болатыны айтылды. Бұрын бұл ұсыныс Павлодарда көтерілгенімен, монополист компаниялар қарсылық танытқан.

Жиында жылыту жүйесіндегі жауапкершілік туралы сөз қозғалды. ЖСДП Астаналық филиалының төрағасы Талғат Омаровтың айтуынша, жылу алмастырғыштан кейінгі жабдықтарға (құбыр, насос, т.б.) МИБ немесе басқарушы компаниялар жауапты.

"ҚР АК 487-бабында тұтынушыға жылу бөлмедегі батареяға дейін жеткізілуі тиіс деп көрсетілген. Алайда іс жүзінде жылу алмастырғыш пункті мен үй ішіндегі тарату жүйелері МИБ (Мүлік иелері бірлестігі) немесе басқарушы компанияның құзырында болып отыр. Тұрғындар жүйенің қай бөлігіне кім жауапты екенін білмей жатады. Бұл қызмет көрсетушілердің негізсіз талап қоюына әкеліп соғады. Жауапкершілік нақты бөлінуі тиіс, тұтынушы өз ақшасының қайда жұмсалып жатқанын білуі керек", – деді Т.Омаров.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.