Ауғанстандағы қандастар елге қашан әкелінеді?
424
СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Ауғанстандағы қандастарды елге әкелу жұмысы қандай сатыда тұрғанын түсіндірді.
"Қазір бүкіл дүниежүзі Ауғанстандағы жағдайды бақылап отыр. Сондықтан, нақты осындай келіссөздер болады, осындай шешімдер болады деп айта алмаймыз. Әрине, Президенттің тапсырмасы бойынша біздің елшілік қандастармен байланыста отыр.
Бүкіл ақпарат тексеріліп жатыр. Мұндай кездерде неше түрлі тексерілмеген ақпарат көп болады. Сондықтан кішкене шыдамды болу керек. Бұл бір күндік жұмыс емес. Тәліптер бола ма, басқалар бола ма, қандай үкімет келеді, сол үкіметпен бұл мәселе бойынша кейін келісөздер жүргіземіз", - деді Смадияров.