Сотталғандар интеллектуалдық олимпиадада топ жарды
381

Мекеменің ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріп, сотталғандардың сабақ кестесі құрылып, оқу жоспарына сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде 8 сотталған кешкі мектеп мұғалімдерінен білім алып жатыр. Сотталғандарды пән мұғалімдері сабақ берумен қатар Халықаралық, Республикалық онлайн байқау сайыстарға қатыстыруда. Қазақстан траихы пәнінен «КиО» республикалық интелектуалдық олимпиадасы мен «Юстади» тестілеу орталығы ұйымдастырған жарысқа қатысқан сотталған азамат жүлделі 3-орын алды. Сонымен қатар, жазасын өтеушілердің бірі «Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған оқушылар арасындағы онлайн Блиц-турнирге қатысып арнайы сертификатқа ие болса, екінші бір сотталған азамат математика пәнінен Халықаралық «Кенгуренок-2021» олимпиадасына қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен кешкі мектеп мұғалімдері кешкі мектеп оқушыларын І жартыжылдықты аяқтап, оқу үлгерімімен көзге түскен жақсы оқушыларды марапаттады. Кешкі ауысымда орта білім алып жүргендердің басым көпшілігі білім ордаларын тәмамдамаған болып отыр. Солардың бірі:

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД