Қызды пышақтап өлтіріп, мәйітін бөтен адамның үйінің алдына тастап кеткен

1 538

Фото: Polisia.kzАбай облысының Бородулиха ауылында пышақ жарақаттары бар қыздың мәйіті табылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Кісі өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған.

МӘН-ЖАЙ

Қылмыс 13 шілде күні болған. Таңғы сағат алты шамасында ауыл тұрғыны өз үйінің маңынан көз жұмған қыздың мәйітін тауып алған.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастаған. Көп ұзамай ауданның 20 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бір-бірін танитын болған. Олардың арасында жеке бас араздығынан жанжал туындаған, – деп мәлімдеді Абай облысы Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.