Қаржылық сауатты қалай арттырамыз?
280
Таяуда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасын қабылдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тұжырымдама 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Үкімет пен Ұлттық банк осы жолы тұжырымдаманы дайындауға үлкен дайындықпен келгені байқалады. Қабылданғанға дейін тәуелсіз сарапшылар кеңесінің талқылауынан өтті, пысықталды, сырт көздің пікірі де ескерілді. Сөйтіп, мемлекеттің қаржы нарығының дамуы халықтың қаржылық сауатына тәуелді болып тұрғаны бұл жолы да мемлекеттік деңгейде мойындалды.
Жаңа тұжырымдама бойынша кез келген қаржы ұйымдарымен мәміледе ең алдымен қаржылық сауаттылыққа басымдық берілмек. Себебі халық құқын білмесе, оны алдап-арбаудың миллион түрлі тәсілі бар екені сезіліп қалды. Бұл бағытты сарапшылар банк пен салымшының байланысын, тіпті несие алу мен қайтару мәдениетін жүйелендіреді деп үміттеніп отыр. Халық пен банк арасындағы тоң болып қатып қалған сенімсіздік синдромын да жаңа тұжырымдама жібітеді деген үміт бар. Басқаша айтқанда қоғамның қаржылық сауаттылығының деңгейі көтерілсе, мемлекет екінші деңгейлі банктердің бетін халыққа қарап бұруға бекініп отыр.
Бүгінде қарапайым халықтың қаржылық сауаты кемшін. Бұл фактор күнкөрістен артылған қаржысы қор жинауға мүмкіндік беретін әрбір үшінші отандасымызға ақшасын сандықта сақтауға мәжбүрледі. Басқаша айтқанда, жиған-тергенім құнсызданып кетеді деген қорқыныш халықтың санасынан әлі сейіле қойған жоқ.
Халықтың қаржылық сауаты сын тезіне түсіп тұрғанын Ұлттық банк те, қаржы ұйымдары да осыған дейін талай рет ескерткен. Оған «пирамидалардың» көптігінен қаржы нарығының белі қайысып тұрғаны себеп болған. Алданған салымшыларды құтқарып алуға мемлекеттің құзыреті жетпейтінін, қолынан келері оларды жауып, соттап, елден аластатумен шектелететінін түсінетін кез жетті. Ішкі нарықта жүрген алаяқ ұйымдардың түбін тексерсең, батыс елдерінен шығатыны белгілі. Қылмысы дәлелденсе де, олар өз елінің заңымен сотталады.
30-40 пайыздық өсім «қақпанда» ғана болады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі А.Тереньтев «пирамидалар» жауапкершілігі шектеулі кооперативтік ұйым ретінде әртүрлі коммерциялық және инвестициялық жобаларымен елдің алдына шығатынын, олар 1990-2000 жылдардағы қаржы пирамидасымен салыстырғанда заманға бейімделіп алғанын айтады. «Салым түрінде қаражат тарту немесе қаржы құралдарына инвестициялар салу – екінші деңгейдегі банктер, ұлттық пошта операторы және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары жүзеге асыратын лицензияланған қызметке жатады. Агенттік лицензияланған ұйымдар туралы ақпарат агенттіктің интернет-ресурсында бар», дейді ол.
Қазір жағдай өзгергенімен, банктегі кез келген салымды мемлекет кепілдендіретін қор бар екенін, оның өзге елдерде осы бағытта жұмыс істейтін ұйымдармен интеграцияланып жұмыс істейтінінен бәрінің бірдей хабары бар деп тағы да айта алмаймыз. Таратып айтсақ, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – Депозиттерді сақтандыру жүйелері халықаралық қауымдастығының (IADI) мүшесі. Әлемдік тәжірибелерге негізделген әдістеме мен нұсқаулықтарды әзірлеу, ілгерілету және халықаралық кәсіби қоғамдастық аясында ынтымақтастықты дамыту арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде қауымдастық 110 ұйымды біріктіреді. Соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа, Азия-Тынық мұхит және Латын Америкасы елдерінің депозиттерді сақтандыру ұйымдары, орталық банктері және халықаралық деңгейдегі қаржы ұйымдары бар.
Қаржы секторындағы 1990 жылдар мен қазіргі жағдайдың арасы жер мен көктей. 2000 жылдардың бас кезінде кейбір банктер жабылып қалғанда салымшылардың қаржысы мемлекет кепілендендіретін қор арқылы қайтарылды. Бүгінде ішкі нарықтағы банктердің бәрі сол қорға мүше. Егер банк банкрот болса, салымшылардың қаржысын қайтару үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында жинақтау негізінде арнайы резерв құрылған. Бұл депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің үш ай сайынғы жарналары есебінен толығып отырады. Қор өкілдері қажет жағдайда кепілдік берілген өтемді төлеу үшін Қордың меншікті қаражаты да пайдаланылуы мүмкін екенін айтады.
Бәрі қол қоюдан басталады
«2019 жылдың соңына қарай ҚДКБҚ арнайы резервінде 495 млрд теңге, ал Қордың меншікті капиталын ескере отырып 604 млрд теңге жинақталған. Бұл сома тұрғындарға тиесілі депозиттерінің шамамен 7 пайызын өтейді» дейді қор өкілдері осы мәселеге түсінік бергенде. Халықаралық стандарттарға сәйкес депозиттерді қорғау жүйесінің резервтері бүкіл қаржы жүйесінің депозиттік базасын өтеуге емес, күтілетін залалдардың деңгейіне сәйкес болуы керектігін ұмытпаған жөн.
Төлемдерді қамтамасыз ету үшін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында жинақтау негізінде арнайы резерв құрылған. Ол депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктердің үш ай сайынғы жарналары есебінен толығып отырады. Одан басқа, қажет жағдайда кепілдік берілген өтемді төлеу үшін Қордың меншікті қаражаты да пайдаланылуы мүмкін. Қордың меншікті қаражаты сақталуы барынша жоғары, ал құнсыздану тәуекелі ең төмен қағида бойынша инвестицияланады. 2019 жылдың соңына қарай ҚДКБҚ арнайы резервінде 495 млрд теңге, ал қордың меншікті капиталын қосқанда – 604 млрд теңге жинақталған. Халықаралық стандарттарға сәйкес депозиттерді қорғау жүйесінің резервтері бүкіл қаржы жүйесінің депозиттік базасын өтеуге емес, күтілетін залалдардың деңгейіне сәйкес болуы керектігін ұмытпаған жөн.
Сарапшылар қаржылық сауаттылыққа ең алдымен халықтың мүдделі болуы керектігін айтады. Күні кешеге дейін қаржы сауатын ашатын бағдарламалар мен газет-журналдарда, басқа да басылымдардағы ақпараттар қарапайым халық үшін жеткіліксіз деген себептер айтылып келді. Бұл фактор алданып қалған немесе несие алатын кезде келісімшарттарды оқымай, барлық шарттарына көз жұмып қол қоя салатын салымшыларды ақтап алмайды. Қазіргідей ақпаратты технологияның заманында өзіңе қажетті ақпаратты ғаламтордың кез келген қуысынан суырып алуға болады. Тек құқыңды қорғап алуға төтеп беретін ерік-жігерің мен ықылас болса болғаны. Халықтың қаржылық сауаты банк несиесі немесе депозит несиесі туралы келісімшарттарға қол қояр сәттен басталатынын сарапшылар да жиі айтады.
Қоғамның қаржылық сауаттылығы Үкіметті де, Ұлттық банкті де ойландыратыны түсінікті. Бүгінге дейін бұл мәселені кезең-кезеңге бөліп, оның деңгейін көтеруге қатысты ұстанымын нақты және көпшілікке түсінікті құжаттармен айқындап келді. Халықтың қаржылық сауатын көтеруге бағытталған тұжырымдамасын іске іске асыру қаржылық қызметтерді тұтынушылардың білімін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жақсартады деген үміт бар.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020-2024 жылдарға арналған Қаржылық сауатты арттыру тұжырымдамасын журналистер мен сарапшылар назарына ұсынды. Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі Қаржы қызметтерінің тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры А.Терентьев онлайн жиында қаржылық қызметтердің қарқынды дамуы, бөлшек сауда өнімдерін онлайн форматқа және жаңа цифрлы технологияларға айналдыру, күрделі және бір уақытта тәуекелді қаржы құралдарына сұраныстың артуы халықтың қаржылық сауатын да көтеруді қажет ететінін айтты. Халықтың қаржылық білімін арттыру – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі, ол халық пен бизнестің қаржылық қызметтерге үздіксіз қол жеткізуіне жол ашады. Ол азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, жеке инвесторлардың қаражатының ел экономикасына түсуіне, қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің дамуына, қаржылық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.
Айта кету керек, 2020-2024 жылдарға арналған Тұжырымдама Мемлекет басшысының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында дайындалды. Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстан Республикасының Жол картасын қаржыландыру және қаржылық саясатты ұлғайту стратегиясын іске асыру жөніндегі ұсыныстарына сәйкес әзірленді. Тұжырымдамада басымдықтар, мақсаттар мен міндеттер, мақсаттарға тиімді қол жеткізу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы проблемаларды шешу жолдары, мақсатты аудиториялар, тақырыптық фокустар және 2020–2024 жылдарға Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын жүйелі түрде арттыру үшін қолданылатын құралдар айқындалған.

«Қаржылық сауатты арттыру тұжырымдамасын әзірлеу – білім беру мен хабардар ету арқылы халықтың экономикалық тұрғыдан ұтымды мінез-құлқын қалыптастырудың, сол арқылы оның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын, соның ішінде қаржы нарығының қызметтерін пайдаланып арттырудың жедел және қажет шарасы. Тұжырымдаманы іске асыру қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржылық білімін жетілдіруге, қаржы жүйесіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді»,- деп қорытындылады Александр Терентьев .