Қостанай облысында АИТВ-мен өмір сүретін ер адам өгей қызын зорлаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанай облысының аудандарының бірінде ер адам өгей қызын зорлаған. Бұл деректі alau.kz басылымына облыстық соттың баспасөз қызметі растаған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық соттың берген ақпаратына сай, іс "жабық түрде" өткен. Ведомство өкілдері басылымға тек кей ақпаратты ғана ұсынған.
"Ер адам өгей қызын зорлаған. Оқиға анасы үйде болмаған кезде болған. Ол АИТВ-мен өмір сүретін болып шыққан. Зардап шеккен қыз дертті жұқтырудан аман қалды", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ал Қостанай облысының тұрғыны бұл әрекеті үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
Читайте также

Қаз
Рус





