Ақмола облысында 33 жастағы ер адам қорада алтын өндірген
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақмола облысы Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды. 33 жастағы күдікті қондырғыларды қолдан жасап, қорасында алтын шайған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
КТК арнасының мәліметінше, ауладағы сарайда қондырғының түр-түрі тұр. Құрылғылар электр қуатымен жұмыс істейді. Құрамында алтыны бар тасты уату үшін үгіндіні жуып, алтын шыққанша өңдейтін бұл қондырғылардың бәрін үй иесі қолдан құрастырған. Құрамында бағалы металл бар кенді қайдан алғаны белгісіз. Заңсыз кәсіппен қашаннан бері айналысқаны да анықталып жатыр.
Қаз
Рус






