Ақмола облысында 33 жастағы ер адам қорада алтын өндірген

211

Фото: polisia.kzАқмола облысы Бестөбе кентінде алтын өндіретін жасырын цех табылды. 33 жастағы күдікті қондырғыларды қолдан жасап, қорасында алтын шайған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

КТК арнасының мәліметінше, ауладағы сарайда қондырғының түр-түрі тұр. Құрылғылар электр қуатымен жұмыс істейді. Құрамында алтыны бар тасты уату үшін үгіндіні жуып, алтын шыққанша өңдейтін бұл қондырғылардың бәрін үй иесі қолдан құрастырған. Құрамында бағалы металл бар кенді қайдан алғаны белгісіз. Заңсыз кәсіппен қашаннан бері айналысқаны да анықталып жатыр.

"Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук: «Степногор қаласының полицейлері жасырын цехта кварц кенін өңдеп жатқан Бестөбе тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс қозғалып, бағалы металлдың заңсыз  айналысы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз цех тәркіленді", – деді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.