Аммиак зауытында жарылыс болды

224

Бүгін таңертең Ташкент облысындағы аммиак зауытының синтездеу бөлімінде жарылыс болды, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz. ке сілтеме жасап

«Сейсенбі күні таңғы сағат 8:30 шамасында Ташкент облысы Шыршық қаласындағы Maxam Chirchiq зауытындағы аммиак-1 синтездеу бөлімінде өрт шығып, оның салдарынан жарылыс болды», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Облыс әкімі Зойыр Мирзаев жауапты басқармаларға оқиғаның салдарын тез арада жоюды тапсырды.

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен арнайы техника оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Өртті ауыздықтау және жою шаралары жүргізілуде. Оқиғадан зардап шекендер мен себеп-салдары анықталуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.