Өңір спорты өркендеп келеді

1 504

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметіБүгінде Сыр спорты серпінді түрде дамып келеді. Себебі, салаға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау көп. Облыста өткен жылы 13 спорт кешенінің құрылысы басталса, биыл тағы 10 кешеннің құрылысы жүргізілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аймақтың атын асқақтату үшін спорт мектептерінде 48 спорт түрінен 640 жаттықтырушы-оқытушы 22 266 спортшыны тәрбиелеп-баулуда. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов саладағы жаңашылдықтар мен жетістіктерді баяндады.


"Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың құрама команда мүшелері тұрақты түрде оқу-жаттығу жиындарына барып, ресми жарыстарға қатысты. Нәтижесінде, біздің спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 609 медаль, Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 83 медальға қол жеткізді. Одан бөлек, 3 спортшы ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 20 спортшы ҚР спорт шеберін иеленсе, 570 спортшы ҚР спорт шеберлігіне кандидат болды. Биыл жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 960 спортшы еніп отыр. Бұл өз кезегінде Сыр спортының алдыңғы шепте екенін көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер, осы жылдың басты спорттық додасы – Олимпиада және Паралимпиада ойындары. Оған аймағымыздан 7 спортшы жолдама алып отыр. Бұл да біз үшін үлкен қуаныш. Жерлестеріміз ел үмітін ақтап, жеңіс сыйлайды деп сенеміз. Сонымен қатар, биыл Қызылорда қаласында стадион мен үстел теннисінің құрылысы жүруде. Ал, шілде айында демеушілердің қолдауымен Жалағаш және Шиелі аудандарында шағын спорт кешендерінің құрылысы басталатын болады. Сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясының «Alan» бағдарламасы арқылы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңын күрделі жөндеуден өткізіледі деп жоспарланып отыр", – деді Жанмұрат Жақсымұратұлы.


Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.


Тағы да ғалымдар зерттеулеріне назар салып көрейік. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин гормоны (қуаныш пен ләззәт алу гормоны) мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы ұшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл-күйге әсер етеді екен.

Спорттың адам өмірі үшін маңызын бұдан ары айта түсудің өзі де артығырақ секілді. Бірақ, алдымен «спортпен шұғылдануға уақыт табылмай жүр» деген сылтаудан құтылған абзал. Ол үшін не істеу керек? Күніне 20 минут дене жаттығуымен айналысуды да ұмыт қалдырып кететін кездеріңіз болмайды емес, болады. Ендеше, дене жаттығуларымен шұғылдануды қалай әдетке айналдыруға болады?


1. Дене жаттығуы кезінде киетін спорттық киімдеріңізді жатар алдында дайындап жатыңыз. Ұмытпас үшін, оятқышыңызды сол киімдердің үстіне қойыңыз. Өйткені, таңертең оянғанда оятқышпен қатар немен айналысатыныңызды да есіңізге түсіретін боласыз. Бастысы, осылайша таңғы жаттығуды әдетке айналдырып алсаңыз ғажап болары сөзсіз.

2. Барлығын аз жаттығудан бастаңыз. Тіпті, аптасына 3 рет 5 минуттан-ақ дене жаттығуларымен шұғылданып жүріңіз. Тапсырма оңай, әрине. Бірақ, бастапқыда өзіңізді қинамауыңыз қажет. Алға ә дегеннен жоғарғы мақсат қоюға талпынбаңыз. Өйткені, өзіңіздің спортпен шұғылдануға деген ерік-жігеріңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.

3. Адам – әлеуметтік жаратылыс. Қарым-қатынассыз өмір сүруді елестету мүмкін емес. Әлбетте отбасыңызбен табиғатқа шығудың, достарыңызбен белгілі бір спорт түрімен шұғылданудың, кейде бір ауық жүгіріп тұруды да әдетке айналдырғанның зияны жоқ.

4. Үйдегі қарапайым шаруаларды жаттығу жұмыстарымен үйлестіріңіз. Мысалы, таймерді 20 минутқа қойып, жұмысыңызды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды аса жылдам орындау – жақсы нәтиже береді.

5. Жаттығу жұмыстарын жоспарлай біліңіз. Маңызды кездесуіңіз болса, онда ұмытпайсыз, дұрыс па? Ал маңызды шаруаны? Оны да ұмытпайсыз. Сол сияқты дене жаттығуларын да жоспарыңызға енгізіп үйреніңіз. Қажетті жаттығуларды жоспарлай біліңіз.

6. Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап алғанның да маңызы жоғары. Өйткені, алғашында адам өз қалауымен бастаған жаттығулар уақыт өте келе өз жемісін беретін болады.

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.

Баскетбол

Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай жерінде біздің дәуірімізден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.

Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.