Пойыз жеңіл көлікті соғып, 200 метрге дейін сүйреп әкеткен

362
"Орал — Нұр-Сұлтан" жолаушылар пойызы Қостанайдан елордаға бағыт алған жолда жеңіл көлікті соққан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін сағат 10.00 шамасында, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы маңында болды.


Куәгерлердің айтуынша, автомобиль жүргізушісі бағдаршам белгісіне қарамай, темір жолдан өтіп кетпек болған. Екпіндеп келген пойыз жеңіл көлікті соғып, 200 метрге дейін сүйреп әкеткен.

Теміржол өткелінде болған соқтығысудан автокөлік мінген 40 жастағы жүргізуші жарақат алды. Қазіргі уақытта оқиға орнында кезекші жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр,—деді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева зардап шеккен жүргізушінің жағдайы ауыр екенін айтты.

Миы шайқалып, оң жақ қабағы жарылған. Қазір қалалық ауруханада емделіп жатыр,— деді Ксения Жылқыбаева.