Ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған
772
Алматы қаласы Наурызбай ауданында ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін, артынша өзін атып өлтірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.Қайғылы оқиға 31 қаңтарда түнгі уақытта орын алған. Болжам бойынша, 48 жастағы ер адамның мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болған.
“Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.







