Ресейлік азамат басқарған жойғыш ұшақ әуежайға апаттық жағдайда қонды

1 510

РесеСу-30. Видеодан кадр: Instagram / atyrauoil.officialй азаматы басқарған Су-30 жойғыш ұшағы ақпанның 20 - сы күні Атырау халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ ақпанның 20 - сы күні таңғы сағат 9:40-та Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайға қонған.

Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақты Башқұртстан Республикасы Белорецк қаласының 1986 жылғы Ресей азаматы Дмитрий Нифантьев басқарған. Ұшақ Каспий теңізі үстінде әскери оқу-жаттығуларды орындауы керек болған.
Ұшқыш адасып қалғандықтан, Атырау әуежайына апатты жағдайда қонған.
"Қону штаттық режимде өткен, жолаушыларға немесе әуежай жұмысына ешқандай қауіп төнбеген. Тұрақты рейстер кесте бойынша орындалған. Ұшақ аз уақытқа қонып, ұшқышқа медициналық көмек көрсетілген. 
Қажетті процедуралар орындалғаннан кейін ұшақ Қазақстан аумағынан шығып, Ресейге оралған.