Балабақшадағы балалар 2 жасар бүлдіршінді сау-тамтығын қалдырмай тістелеп тастаған

496
Жамбыл облысында балабақшада 2 жастағы бүлдіршінді өзімен жасты бала 19 жерінен тістелеп тастаған, - деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Талас ауданындағы балабақшада болған. Тілі толық шықпаған баланы өзімен жасты бүлдіршін басынан аяғына дейін тістеп тастаған. Ал жәбір көріп, қатты шошынған бүлдіршін қазір ауруханада ем алып жатыр.
Балабақшаның бір емес, жиырмаға жуық қызметкері қайда болғаны белгісіз.


Балабақша басшылығы бұл жағдайды жасырмақ болған. Есікті қалқалап, журналистерді жолатпаған күзетші балабақша меңгерушісінің күйеуі болып шықты.


Сау-тамтығы қалмаған бүлдіршіннің туғандары балабақша бөлмелерінде бақылау камералары болмағаны және бүлдіршіндерді қараусыз қалдырғаны үшін мекеме басшысы мен қызметкерлерінің жұмыстан кетуін талап етіп отыр. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.