Қызылорда облысында мас күйінде көлік жүргізген үш адам жауапқа тартылмаған

1 571

Фото: istockphoto.comҚызылорда облысында масаң күйде көлік басқарған үш адамның жауапқа тартылмағаны анықталды,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Прокуратураның мәліметінше, апелляциялық өтінішхат арқылы оларға тиісті жаза тағайындалды.



«19.07.2024ж. масаң күйде көлік басқарған құқық бұзушы бөтен адамның автокөлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Шиелі аудандық сотының 18.09.2024ж.қаулысымен масаң күйде көлік басқарған тұлға жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәлі адам 20 тәулік мерзімдегі қамауға алынды және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.