Белгісіз біреулер танымал журналистің көлігін жарып жіберді

212

Атырау қаласында белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Виктор Сутягиннің айтуынша, кешке ол көлікті үйдің жанында қалдырған. Жарылыстардан көршілер өре түрегелген, бірақ оқиға орнына келген өрт сөндірушілер де көлікті құтқара алмады.


Полиция мүлікті қасақана жою фактісін тіркеді.


Сутягин мемлекеттік БАҚ-тың меншікті тілшісі болып жұмыс істейді және қоғамдық қызметпен айналысады, өткен жылдан бастап Атырау облысының қоғамдық кеңесінде қызмет етеді және Facebook парақшасын жүргізеді.


Журналист кімді ашуландырып қойғанын түсінбей дал. Оның әлеуметтік желіде көтерген тақырыптарының бірі – қоқыс шығару тарифтерін көтеру. Жақында Сутягин өзінің Facebook парақшасында құрылыс алаңдарының бірінде жерді беру туралы үлкен резонанс тудырған жазба жариялаған болатын.


Бұл – БАҚ өкілдеріне жасалған алғашқы шабуыл емес. Естеріңізде болса, 10 және 13 қаңтар күндері белгісіз біреулер Elmedia.kz сайты редакциясы кеңсесінің терезелерін сындырып кеткен болатын. Бұл алты айдағы редацияға жасалған алтыншы шабуыл ретінде тіркелді. Редакция жетекшісі Гүлжан Ерғалиева Ішкі істер министрінен жағдайды бақылауға алуды талап етті. Президент Тоқаев оқиғаға жауап беріп, шабуылдарды мұқият тексеруді тапсырды.