Елімізде халықты көмірмен қамтамасыз ету қалай жүргізілуде

129

Фото: АО "Майкубен-Вест"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықты көмірмен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы туралы мәлім етті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қыркүйек айының алғашқы 10 күндігінде өңірлерге 329,9 мың тоннаға жуық көмір жөнелтілді. Негізгі екпін солтүстік аймақтарға жасалып отыр, өйткені онда жылу беру маусымы басқа өңірлерге қарағанда ертерек басталады.Тұйықтарда және сауда қоймаларында көмір қалдығы 351,094 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ жақын арада вагондардың келуі күтіледі», - делінген хабарламада.


Министрлік дерегінше, қыркүйек айына арналған жоспар он күннің ішінде 30 пайызға орындалған. Ай соңына дейін межелі жоспарды толықтай жүзеге асыру жоспарланған.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгінде өңірлерге әлеуметтік көмір жеткізетін вагон паркі қосымша толықтырылып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.