"Итті атпай ақша алып отырған". Атырауда ит атқыштар бюджет қаражатын жымқырған

412

Фото: pixabay.comАтырауда қаңғыбас иттердің көзін жоюмен айналысатын мекеме өкілдері ит аттық деп жалған құжат жасап, мемлекеттің ақшасын талан-таражға салған.Салдарынан Атырауда бұралқы иттердің саны күрт көбейіп, жыл басынан бері 70 баланы қауып алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Атырауда қаңғыбас иттердің көзін жоюмен айналысатын мекеме өкілдері ит аттық деп жалған құжат жасап, мемлекеттің ақшасын талан-таражға салған.Салдарынан Атырауда бұралқы иттердің саны күрт көбейіп, жыл басынан бері 70 баланы қауып алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Соңғы уақытта Атырау қаласында адамдарды ит қабу деректері жиілеп кетті. Тіпті арасында ауыр дене жарақаттарын алғандар да, балалалар да бар. Жыл басынан бері 112 адамды ит қапса, оның 70-і — кәмелет жасына толмағандар.


— Қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстарының тиімсіздігіне және "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңының дұрыс орындалмауына байланысты ұсыным енгізді. Прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен тұратын арнайы мобильдік топ құрылып, кешенді шаралар жоспары бекітілді. Қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қауып алу фактілері әлі де орын алуда, — деді қалалық прокуратураның прокуроры Ерлан Кәкиев.


Сондай-ақ прокуратура ит ататындардың жұмысын тексеріп, олқылықтарды тапты. Олар ит атқандары туралы жалған құжат жасап, мемлекеттен қаражат алып отырған.

Келтірілген залал толықтай өтеліп, кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапқа тартылды,
деді прокурор Ерлан Какиев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.