Екі баланы көлігінің артына байлап, сырғанатқан жүргізуші жауапқа тартылды

1 343

Фото: Видеодан скриншотАтырауда жүргізуші балалар отырған екі баллонды көлігінің артына байлап сырғанатқан. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, желіде жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қауіпті оқиға жұрттың зәресін ұшырды. Мұндай әрекет балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Жүргізушіні осы әрекеті үшін полицейлер жауапқа тартты. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

«Аталған көлік құралының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару кезінде жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.