19 жастағы қызды пойызда зорлаған ер адам өзін белсізбін деп ақтаған
467
"Тальго” пойызында 19 жастағы қызды 55 жастағы ер адам зорлаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өзінің белсіз екенін алға тартқан ол кейін жаланы керісінше қыздың өзіне жапқан. Сот үкімді аппеляцияға беріп, істі қайта қарауға кіріскен.
Бұл туралы Дина Таңсәрі өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында жазды.
Сөзінше, оқиға кезінде кезінде қыз ес-түссіз күйде айғайлап, қарсылық көрсете алмаған. Ал сараптамаға бұл деректер енгізілмеген. Ер адам өзінің белсіз екенін айтып зорлағанын мойындамаған. Тіпті керсінше, қыздың өзіне зорлады деп айып таққан.
Бір қызығы биологиялық сараптама бәрін растағанымен ол сотқа жетпей ер адам жазадан құтылған. Тіпті айыпталушының екі адвокаты қыздан сұрақ алу барысында қысымға алғандары соншалық ол сол жерде талып, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған.
Қыз бұрын әйелдерге арналған сымбатты қалыпқа келтіру массаж салонында бір ай уақыт әкімші болып жұмыс істеген. Адвокаттар сот алдында осы деректі алға тартып оны барынша жаман көрсетуге тырысқан. Мәселен бойжеткеннің жұмыс істеген салонын судья алдында жезөкшелерге арналған сауна деп көрсеткен. Осылайша іс барынша бұрмаланған.
Ер адам ақталған. Алайда бүгін ақтау үкімі жойылып, іс қайта қаралмақ.

Қыз жақында тұрмысқа шықты. Өзі зиялы отбасынан шыққан, күйеуі әскери адам. Ол бастан кешірген стресстің арқасында бір жылда 15 кг салмақ қосқан. Мен мұны әрбір зорланған екінші әйелде болатын эндокриндік жүйенің бұзылуынан екеніне сенімдімін. Бірақ адвокаттар судьяға мұндай салмақты тастау өзінің қолында екенін айтып сендірген, - деді Дина Таңсәрі.