30 млн теңге үшін тірі анасын «қайтыс болды» деп шетелдікті алдаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қытайлық азамат 3 жыл бойы ақтөбелік қызға үйленемін деп оның отбасына көмек берген, алайда соңында алданғанын айтып, той өтпей қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қытайлық жігіт ақтөбелік сүйіктісіне үйлену үшін 150 адамға той ұйымдастырмақ болған. Алайда той алдында мейрамхананың брондалмағаны, ал қалыңдықтың «қайтыс болды» деген анасының тірі екені анықталған. Енді шетелдік 30 миллион теңгеге жуық ақшасы мен алтынын қайтармақ.
35 жастағы Қытай азаматы үш жыл бойы сүйіктісі мен оның отбасына қаржылай көмектесіп, оқу ақысын, ипотекасын және бауырының емін төлегенін айтады.
Ақтөбе облыстық полициясының мәліметінше, арыз бойынша тергеу жүргізілген. Алайда қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, іс тоқтатылған. Ер адамға ақшасы мен мүлкін қайтару үшін сотқа жүгіну ұсынылған.
Қаз
Рус






