Келінді төрге отырғызу арқылы қандай тәрбие бермекпіз? Қоғам қайраткері қазақ тойының форматын өзгертуді ұсынды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақтың той дәстүрі заманға сай өзгеруі керек пе? Әлде үлкенге құрмет көрсетудің қалыптасқан жолын сақтаған дұрыс па, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кейінгі кезде тойларда келінді төрге отырғызу, үлкендердің жас жұбайларға құрмет көрсету үшін орындарынан тұруы, ата-әжелердің ортаға шығып билеуі сияқты әрекеттер қызу талқыланып жүр.
Қоғам қайраткері Мұрат Қазамбаев мұндай көріністер ұлттық тәрбиенің мәніне қайшы екенін айтып, тойды екі уақытқа бөлуді ұсынды.
Қоғам қайраткері Мұрат Қазамбаевтың сөзінше, кейбір тойларда келін келгенде ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелерін орындарынан тұрғызады. Сондай-ақ жас келінді төрге шығарып, үлкендердің алдына отырғызатын жағдайлар бар.
Қоғам қайраткері асабалар да ұлттық дәстүрдің, мәнін түсініп, үлкен мен кішінін, арасындағы сыйластықты сақтауы керек деп санайды. Оның, пікірінше, үлкендердің, абыройын күлкіге айналдыруды көңілділіктің, белгісі деп қабылдауға болмайды.
Асабалық - тек микрофон ұстап, жұртты күлдіру немесе ән мен биді ұйымдастыру емес. Асаба - тойдың, тізгінін ұстаған адам. Оның сөзі де, әрекеті де, ұйымдастырған әрбір рәсімі де көпшілікке өнеге болуы тиіс. Сондықтан асабаға ұлттық дәтүрді білу, оның мән-мағынасын түсіну, үлкен мен кішінің, арасындағы әдепті сақтау - кәсіби жауапкершіліктің, бір белісі, - дейді ол.
Осыған байланысты ол тойды екі бөлек форматта өткізуді ұсынады. Алдымен сағат 17:00-де үлкендер жиналып, жас жұбайлар олардың батасын алып, кұрмет көрсетсе. Ал сағат 19:00-ден кейін жастар мен орта буын өкілдері бас қосып, ән айтып, би билеп, еркін көңіл көтерсе дейді.
Қариялар өздеріне лайықты сый-кұрметті көрсе, жастар өз ортасында еркін демалары сөзсіз, - дейді қоғам қайраткері.
Ол мұндай формат үлкенге кұрмет пен кішіге ізетті қатар сақтауға мүмкіндік береді деп есептейді.
Қаз
Рус






