Таразда шенеунік құны 300 миллион теңге болатын мемлекеттің мүлкін туыстарына таратып жіберген

221

Таразда мемлекеттік қызметкер өзінің туыстарына мемлекетке тиесілі жалпы құны 300 миллион теңгені құрайтын бес нысанды заңсыз аударған. Мұндай алаяқтықты "Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының" бұрынғы директорының жасаған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Өзінің қызметтік мансабын пайдаланып, кәсіпкер шенеунік төрт ғимарат пен бір жер учаскесін өтеусіз беру туралы заңсыз бұйрықтар шығарды. Кейіннен мемлекеттік қызметкер мүлікті өз атына тіркеп, бес нысанның екеуін сатып, ал қалғандарын интернет арқылы сатуға қойған.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот мәмілелерді жарамсыз деп тауып, ғимараттар мен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер тоғыз жылға сотталды және мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

"Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Бақтыбаев 189-бап, 4-бөлім, 2-тармақ бойынша кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ", – деді Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Сержан Әбдіқұлов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.