Жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды

1 419

Фото: Muftiyat.kgҚостанай облысында жаназаға дейін ас беруге және бірнеше рәсімдерге тыйым салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өңірдің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы ысырапшылдыққа жол бермеу үшін марқұмды соңғы сапарға шығарып салмай тұрып, бір күн берілетін қонақ асын тоқтатылғанын айтады.

Аймақта жаназадағы кей рәсімдерге де шектеу қойылды. Мәселен қонақ асындағы ас мәзірі бірдей болу керек. Яғни дастарханға бауырсақ, нан, кәмпит пен өзге де тәттілер, су, шәй және тек ыстық тамақ қана қойылу тиіс. Сондай-ақ жаназаны жиналысқа айналдырмас үшін үш адамнан артық сөз сөйлеуге болмайды.

Марқұмның жылдық асында көрсетілетін видеороликтердің әуеніне де мән берілу керек. Видеода ішімдік пен ашық киінген адамдар болмағаны дұрыс дейді имам.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.