Мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

1 571

Фото: Алматы арнасыПавлодарда мектеп асханасында берілетін тамақтан құрт шыққан. Арыз-шағым артқан соң, асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл тағылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Алматы арнасыны сілтеме жасап.


Арна мәліметіне сүйенсек, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу", – деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.