ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІР АЙЛЫҚ АКЦИЯСЫ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Үстіміздегі жылдың 31 қазан күні Қызылорда қаласында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілген болатын, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Кеңейтілген отырыста нашақорлықтың алдын-алу бағытында облыс көлемінде атқарылатын іс-шаралар айқындалып, құзырлы органдарға нақты тапсырмалар жүктелді.
Жиында берілген тапсырмаларды Қазалы ауданында да үйлестіру мақсатында ауданда «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы» іс-шарасы басталды.
Нашақорлыққа қатысты жол жоқ – бұл қоғамдағы ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі. Нашақорлық — бұл психоактивті заттарға тәуелділік, адамның денсаулығына, әлеуметтік жағдайына және жалпы өміріне теріс әсер ететін ауыр дерт. Бұл жағдайдан құтылудың, алдын алудың және оған қарсы күресудің жолдары болуы қажет, бірақ негізгі ұстаным — нашақорлыққа ешқандай жол жоқ деген түсінік қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін талап етеді.
Нашақорлық түрлі ауруларға, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, бауыр және басқа да маңызды органдардың ауруларына әкеп соғады.
Нашақорлық адамның отбасы, достарымен және қоғаммен қарым-қатынасын бұзады. Әлеуметтік оқшаулану, жұмыссыздық, қылмысқа бару сияқты жағымсыз салдарларға әкеледі.
Нашақорлықпен айналысатындар заңды жиі бұзады, есірткіні заңсыз айналымға салу немесе ұрлық жасау секілді қылмыстарға баруы мүмкін.
Нашақорлықтың зияны мен қауіптілігі туралы білім беру өте маңызды. Оқушылар мен жастарға арналған профилактикалық бағдарламалар арқылы олардың есірткі туралы дұрыс түсінік алуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Нашақорлыққа қарсы күресте психологиялық қолдау көрсету басты рөл атқарады. Жасөспірімдер мен жастар арасында психологиялық мәселелер жиі туындайды. Оларға көмектесу үшін мамандармен жұмыс істеу маңызды.
Осының негізінде бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтті. Жиынға аудан прокуроры Дарын Әбіш пен аудандағы құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлім басшылары , кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Басқосуда аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Нашақорлыққа қарсы акция аясында есірткінің таралуымен күресіп, аудан көлемінде оны жою, есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, сондай-ақ есірткі тұтынушыларды медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамту бағытында бірлесе жұмыс жасау керектігін жеткізді. Сондай-ақ бұл акция аудан көлемінде тек бір ай ғана емес жыл көлемінде жүргізілу қажеттігін айтты. Осыған сәйкес тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мәжілісте аудан прокуроры Дарын Әбіш бұл бағыттағы бекітілген бірлесіп атқарылатын іс-шаралар жоспарын таныстырып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей қоғам дертіне айналған нашақорлықпен күресудегі жұмыстарды бірлесіп, белсенділікпен атқаруға шақырды.
Жиынға қатысушыларда қоғам дертіне айналған есірткінің алдын алу бойынша көтерілген бастаманы қолдап, есірткінің заңсыз айналымын түбегейлі жою мақсатында бірлесе жұмыстар атқаратындықтарын жеткізді.