Түркістан облысында заң бұзушының ізіне түскен полицей қаза тапты

1 275

Фото: Түркістан облыстық полиция департаментіТүркістан облысында заң бұзушы қуалап, ізіне түскен патрульдік полиция инспекторы Қанат Ғабитов қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша процессуальды шешім қабылданатынын атап өтті.


"Түркістан облысының полиция департаменті полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, шын жүректен көңіл айтады және марқұмның отбасына қажетті қолдау шараларын көрсетеді", – делінген полиция хабарламасында.



Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те аталған жағдайды растап, Facebook парақшасында жазба жариялады.

"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді”, – деп жазды министр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.