Банктер енді жаңа талаппен жұмыс істейді

1 767

Фото: ғаламторданБанктер міндеттемелері бойынша ең төменгі резервтік талаптарды (ЕТРТ) арттыру туралы өзгерістер осы жылы күзде енгізілуі мүмкін,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Соңғы екі үш ай банк қауымдастығымен қызу пікірталас жүргіздік. Жалпы банк қауымдастығы барынша салмақты көзқарас танытты. Бізге бұл құралды барынша дәл орнатуға көмектескен техникалық, әдістемелік нақтылаулар көп болды. Қазір енгізуге дайын деп есептеймін. Бірақ осы жылдың қыркүйегінен бастап ЕТРТ кезең-кезеңімен қосылады деп жоспарлап отырмыз. Алдымен қыркүйек, қаңтар, сосын сәуір. Толыққанды үш кезеңде енгізіледі», – деді Сүлейменов. 

Сүлейменовтің сөзінше, банктердің барлығына бірдей жаңа талаптар ұнай қойған жоқ. Бірақ «қаржы нарғының мүддесі және инфляцияны тезірек тұрақтандыру үшін» қаржы ұйымдары келіскен. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.