Қазақстан-Ресей шекарасында героиннің аса ірі партиясы тәркіленді

460
Батыс Қазақстан облысында шекарашылар ірі көлемде есірткі партиясын анықтады.

"Сырым" автомобиль өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) «Леди» атты қызметтік итті пайдалана отырып, Қырғыз Республикасы азаматы "Т"-ның басқаруындағы "Renault Magnum" автомашинасында жалпы салмағы 135 кг, 493 гр, 52 мг өзіне тән иісі бар, ақ-сұр түсті заты бар автомобильдің артқы дөңгелектерінде жасырылған пакеттер анықталды. 

Ұсталған және тәркіленген зат одан әрі процестік әрекеттер жүргізу үшін ҰҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне берілді.

 Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың салмағы 39 кг 341 гр, 77 мг героин және салмағы 96 кг 151 гр 75 мг гашиш екені анықталды. 

Өткізу пункттерінде тексеру жүргізу кезінде қызметтік иттер таптырмайтын көмекші болып табылады. 
Өткен жылдың желтоқсан айында "Джек" атты қызметтік иттің көмегімен қазақстан-қырғыз шекарасында жалпы салмағы 60 кг, 370 гр героиннің ірі партиясы табылды.