«Абайсызда өлтіріп алды»: Әкесі 2 жастағы қызын көлігімен басып кетті

1 636

Фото: © Pixabay.comАқмола облысына қарасты Ақмол ауылында екі жасар қыз көлік астына түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ер адам әйелі мен қызын балабақшаға жеткізген. Анасы мен бүлдіршін көліктен түсіп, мекемеге беттегенде, көлігін кейін қарай шегермек болған ер адам әлі өтіп үлгермеген екі жастағы қызын басып кетті.


Жедел жәрдем уақытылы жеткенімен, бүлдіршін көз жұмды. Өкініштісі сол аңдаусызда әкесі өзінің туған қызының өліміне себепкер болды.


Қазір кәмелет жасына толмаған бүлдіршіннің өлімімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.