Елбасының құрметіне Алматы облысындағы шекара бөлімшесінің атауы өзгертілді
393
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Еліміздің тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Алматы облысындағы "Баянқол" шекаралық бөлімшесінің атауы ауыстырылды. Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылған. Айта кетейік, елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне елорда мен ірі қалалардың орталық көшелері, әуежай атауы өзгертілген. Елбасының есімі университеттер, мектептер мен саябақтар, алаңдар мен шыңдарға да берілген.
Читайте также

Шиеліде жаңа кәсіп ашты
1 558
Қаз
Рус





