"Алғашында адамдар сенбеді": Ақтауда халықты тегін таситын такcист елдің алғысына бөленуде
431
Әлеуметтік желіде қала тұрғындарын тегін таситын ақтаулық таксист туралы видео тарап жатыр деп хабарлайды Хабар 24.
Қуандық Өміров адамдардың алғысына бөленгеніне қуанып жүр. Ол тіпті, жұрттан жанармайға да ақша сұрамайтын көрінеді.
”Таңертең шығып, бір-бір жарым сағат таксист боламын, кешке жұмыстан кейін сағат 9-дан 12- ге дейін адамдарды тегін тасимын. Адамдармен сөйлескен маған тыныштық сыйлайды" , - дейді ол.
Қуандық күнде 20 адамға дейін тегін тасиды. Олардың әрқайсысы таксиге 400 теңгедей үнемдейді. Ер адамның мұндай қайырымдылықпен айналысқанына бір айға жуық уақыт болған.
"Алғашында адамдар сенбеді. Қазір көбі менің көлігімнің нөмірін біледі, қуана-қуана тоқтатады. Егер мүмкіндігім болса, аптасына бір рет болсын адамдардың автобуста тегін жүруін ұйымдастырар едім", - дейді ақтаулық тұрғын.
Қуандықтың әрекетіне қала тұрғындары қатты таңданып отыр.
"Мен мұндайды алғаш рет көріп тұрмын. Мұның бәрі шығын ғой: газ бен жанармайға ақша керек. Қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізге көмектесуіміз керек екенін түсінемін. Соның дәлелі-осы кісі. Бұл азаматқа қарап, қазақстандықтардың жүрегінен әлі мейірім кетпегенін ұғуға болады", - дейді қала тұрғыны Айгерім Серікбаева.
42 жастағы Қуандықты таныстары Коля деп атайды. Мамандығы - инженер. Ол М.В.Ломоносов Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазір кішігірім көлік жөндеу орталығында тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
"Жанармайға ақша табамын, көлік жөндеймін. Ал кешке адамдарды тегін тасып, көңілін көтеремін. Өз жұмысымды мақтан етемін. Кішкентай ғимарат болса да, адал еңбекпен келген. Өзім үшін нағыз сарай", - дейді ол.
Қуандық Өміровтың әйелі дүниеден өткен. Ал қызы жақын арада тұрмыс құрмақ. Ер адам өзінің жеке өмірі де жақсарады деген үмітте.
Одан бөлек, Қуандық алдағы уақытта жол талғамайтын көлік алуды көздеп отыр. Ол жолаушыларды ұзақ жолға да тасымақ ниетте.