Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі
897
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-бұл шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан ақшалай нысандағы төлем.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:
зейнеткерлік жасқа толуына;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе
Барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:
-үш жасқа дейінгі балаға;
-мүгедек балаға;
-бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;
-қарттар;
-бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.
Жалғыз басты және/немесе жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады?
ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:
-ҚР азаматтары;
-оралмандар;
-босқындар;
-шетелдіктер;
-ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.
Кедейлік шегі - бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі.
Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?
ҚР "Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы" заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:
-табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
-еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы;
-алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген -міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
-атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
-материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері
"Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы" заңына сәйкес бір адамға немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін отбасының әрбір мүшесі есебінен орташа жан басына шаққандағы табыс және облыстарда белгіліенген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде уәкілетті орган есептейді. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Ал өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы хабарлауға міндетті.
Жан басына шаққандағы орташа табыс қалай есептеледі?
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер тұлғаның жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Отбасының жиынтық табысына белгіленген уақыт кезеңі ішінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмегінен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысу шеңберінде мемлекеттік қолдау іс-шараларынан басқа табыстың барлық түрлері қосылады. Әкімдіктер өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып келесілерді кіріс бермейді деп айқындауға құқылы: үй малы, құсы, жер учаскесі.
Жан басына шаққандағы орташа табыс әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.
Тіпті айына 1 теңге төленсе де, не себепті атаулы әлеуметтік көмектен бас тартпау керек
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі
Ең төменгі күнкөріс деңгейі және кедейлік шегі. Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады: бұл мән (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і) "кедейлік шегі" деп аталады.
2021 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, 2022 жылы ол 36 018 теңгені құрайды. Сондықтан кедейлік шегі 2021 жылы 24 011 теңге болса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңге төленеді.
Егер 2022 жылы отбасы табысы бір адамға шаққанда айына 25 212 теңгеден аз болса, онда мұндай отбасы осы отбасының барлық мүшесі үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады.
Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды.
Қазақстанда АӘК көлемі қандай болады
Атаулы әлеуметтік көмек көлемін әр адамға қатысты жеке есептейді. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.
АӘК-тен неге бас тартуға болмайды
Егер отбасы аз да болса атаулы әлеуметтік көмек алса, онда бұл отбасының балалары үшін еңбек министрлігінен (егер балалар 1-6 жас аралығында болса) немесе білім министрлігінен (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін) көмек беріледі.
АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі
Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.
-1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:
-жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм;
-балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм;
-қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм;
-қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм;
-балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;
пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:
-пастерленген сүт – кемінде екі литр;
-қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм;
-ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм;
-қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг;
-күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр;
-гематоген – кемінде 240 грамм;
-құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм;
-балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм;
-таза бал – кемінде 200 грамм.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.
АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ білім және ғылым министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді.
Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі.
Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет).
Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді.
Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.
АӘК қашан беріледі
АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді.
АӘК кімге берілмеуі мүмкін
Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады.
Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.