"Үздік әкім" ішімдік ішіп көшеде жүрген

1 732

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Gov.kzБатыс Қазақстандағы Тасқала ауданы, Мерей ауылының әкімі мас күйде көшеде жүрген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап.


1 маусымға қараған түні ауыл әкімі Орынбек Насимуллин мас күйінде ауылды аралап жүрген. Оқиға орнына аудан әкімі Талғат Шәкіров пен прокурор келіпті.


2022 жылы Орынбек Насимуллин “үздік ауыл әкімі” болып танылған.


Әкімге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 440-бабы "Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде бару" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салынды.


"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне сауал жолдап, оны тәртіптік жауапкершілікке тартуды сұрадық. Әкімнің өзі ақталып, сыраны үйде ішкенін айтты. Сөзінше, көшеде шу шыққасын оны көруге келген", – деді құқық қорғаушы, "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Ахметжан.


20 маусымда Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарушысының шешімімен Орынбек Насимуллинге ескерту жасалды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.