Жеңіл көліктің салонына жылқы тиеп алған ер адам ұсталды
1 372
Қарағанды облысында жеңіл көліктің салонына жылқыны тиеп алған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол полицейлерге малдың өзінікі екенін дәлелдейтін құжаттарды ұсына алмаған.
Оқиға 11 желтоқсанда Нұра — Теміртау республикалық автожолында анықталды. Полиицейлер жолдан Audi көлігін тоқтатқан. Кейін тексеру барысында оның ішінде жылқы болғаны анықталды.
“Көлік жүргізушісі, Бұқар Жырау ауданының тұрғыны, жылқының өзінікі екенін дәлелдейтін және оны тасымалдауға қатысты ешқандай құжат ұсына алмады. Жүк пен багажды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары ветеринариялық инспекцияға жолданды.Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жылқының нақты иесін анықтап, жануардың ұрланған-ұрланбағанын тексеріп жатыр”, – деді ведомство.