Шенеунікке 70 миллион теңге пара ұсынылған
Шенеунікке 70 миллион теңге пара ұсынылғн, деп хабарлайды Opennews.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаһар басшысы Ерболат Досаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға аудан әкімдері, мемлекет және құқық қорғау органдарының, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен қоғам өкілдері қатысты. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразханның айтуынша, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда оң өзгерістер бар.
«Мемлекеттік қызметшілердің өздері оларға ұсынылған пара туралы хабарлау үрдісі байқалады. Кейбір жағдайларда олардың сомасы 70 миллион теңгеден асады. Жастар арасында дүниетаным да өзгеруде, сондықтан мектеп оқушылары ғимаратты заңсыз жалға беруді жоспарлаған мектеп директорының әрекетін хабарлап, әлеуметтік желіге жазды», – дейді Асхат Оразхан.
Биылғы жылдың небәрі алты айында Алматыда сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған 3 адам 640 мың теңгеден астам сомаға марапатталған. Өз сөзінде Ерболат Досаев сыбайлас жемқорлық схемаларының негізін жойып, парақорлық жағдайларын барынша азайтатын жүйелі шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.
«Әр басшы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты шараларды қабылдауы керек. Әрбір мемлекеттік орган басшысының ТЖК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шараларға, оның ішінде қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық фактілеріне баға беруі қажет», – деді Ерболат Досаев.