Қызылордада балабақшадан өрт шықты

267
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жекеменшік балабақшадан өрт шығып, 25 бала мен 7 қызметкер эвакуацияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқиға бүгін, 13 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Жаңақорған ауданындағы Жаңаарық ауылында болған. Елді мекендегі жекеменшік балабақша шатырының ағаш конструкциясынан өрт шыққан.

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 25 бала мен 7 қызметкер қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Сағат 10.29-да өрттің беті қайтарылып, сағат 10.37-да толық сөндірілген. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 14 қызметкер 3 техникамен барды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, департамент мамандарынан өзге ерікті өрт сөндіру құрылымы, аудандық полиция бөлімінен мамандар жұмыс атқарды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.