«LRT бағаналарын өз есебімізден бұзуға дайынбыз» - Айдын Рахымбаев

493
Еліміздегі танымал құрылыс компаниясының басшысы елордадағы LRT құрылысын жоюға атсалысуға дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Skif News сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жариялады.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесінде елордадағы LRT құрылысының үлкен проблемаға айналғанын айтып, аталған мәселеге қатысты оңтайлы шешім қабылдау керектігін жеткізді. Мемлекет басшысы жобаны сүріп тастау ақшаны желге шашу болатынын ескертті.

Өз кезегінде белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев елорда көркін бұзып тұрған LRT құрылысын сүруге дайын екенін мәлімдеді. Алайда компания басшысы LRT құрылысын түгелдей емес, «тек жолға бөгет жасап тұрған бағаналарды сүру керек» деген пікірде екенін жеткізді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.