Мүгедек балаларға бөлінген қаржы жымқырылған

1 410

Фото: pixabay.comКөкшетауда қалалық прокуратура мүгедек балаларға бөлінген қаржы ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Прокуратура Artsport және DamuBala бағдарламалары аясында балаларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаржысын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Көкшетауда мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстың актілерін ұсынған. Осыған байланысты прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.