Полиция қызметкерін ұрған әйел жауапқа тартылды

1 500

Фото: ©ShutterstockАқмола облысында полиция қызметкеріне бағынбай қол көтерген әйел жауапқа тартылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

«2026 жылғы 15-ші тамызда сағат 00:30 шамасында Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне тұрғын үй пәтерлерінің бірінде тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Полиция бұл пәтерден қатты музыка шыққанын анықтады», – делінген хабарламада.

Полиция дерегінше, пәтердің есігін 40 жастағы мас әйел ашқан. Полиция қызметкерлерінің тыныштықты бұзуды тоқтату және медициналық тексеруден өту туралы заңды талаптарына орындаудан бас тартқан. Балағат сөздер айтып, тілдеген. Жанжал кезінде әйел полиция қызметкерлерінің бірін итере бастаған. Одан кейін кіреберіске жүгіріп барып, оны ұрып-соғып, бет пен мойын жырып жаралаған. Басқа патруль қызметкері оқиғаны бейнекамераға түсірген. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына құрметпен қарауға және агрессивті мінез-құлық пен күш қолдануға жол бермеуге шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.