Қызылордада пәтерлерді тонаған ұры ұсталды

405
Қызылордалық полицейлер пәтер ұрысын құрықтады,  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Қызылорда қаласы ПБ қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысты күдікті 30 жастағы ер адамды “ізін суытпай” ұстады. 

11 қазан күні басқарманың кезекші бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны келіп, бірінші қабатта орналасқан пәтердің терезесін сындырып, қонақ бөлмеге кіріп, құрылыс құралдарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. Келтірілген шығын 350 мың теңгені құрады. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобының қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.



 Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.