Алматы облысында алтыншы сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
Алматы облысында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 18:45-те Талғар ауданында болған.
Жетіген-Алматы тас жолының бойында келе жатқан Toyota Camry көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында 10 жасар баланы қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Алтыншы сынып оқушысы үш ауысымда оқитын мектепте кешке қарай үйіне оралғаны белгілі. Жаңалық ауылында бір ғана мектеп бар.
Қаз
Рус






