Балабақшада азық-түлікті 30 млн теңгеге қымбатқа сатып алмақ болған

1 587

.gov.kzПетропавл балабақшаларында азық-түлікті 30 млн теңгеге қымбатқа сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қала прокуратурасының мәліметінше, білім беру ұйымдарын тексеру нәтижесінде мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтермелеу фактілері анықталған.


"Жеткізушілер мектепке дейінгі ұйымдарға қарақұмық жармасының бір келісін 700 теңгеден сатса, оның нарықтағы орташа бағасы 330 теңге болған. Сондай-ақ, басқа да азық-түлік өнімдері (картоп, сары май және күнбағыс майы, қант және тағы басқа) көтерілген бағамен сатып алынған", – делінген ведомство хабарламасында.


Прокуратура заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, қадағалау актісімен бұрын қолданылған калькуляция қайта бекітілді. Нәтижесінде бюджет қаражатын 30 млн теңгеге артық жұмсауға жол берілмеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.