Өзге қалада тұратын колледж студенттеріне үйіне қайту үшін өтемақы төленбек

218
Биылдан бастап колледж студенттеріне жолақысы бойынша өтемақы ешқандай құжат ұсынбай-ақ төленеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, өтемақы алу үшін ешқандай құжат ұсынудың қажеті жоқ.

Биылдан бастап басқа қалада тұратын студенттерге ешқандай құжат ұсынбай-ақ демалыс уақытында жол жүру ақысы бойынша 4 АЕК көлемінде (13 800 теңге) өтемақы төленеді, – деді ол. 

Бұған дейін жолақысы бойынша өтемақы колледжде күндізгі оқу формасында білім алатын студенттерге жылына екі рет төленіп келген. Қысқы және жазғы демалыста студенттердің барлығына 2 АЕК берілді. Алайда өзге қалаға барғанын растайтын құжат талап етілген. Сонымен қатар қалааралық такси қызметін пайдаланған студенттерге өтемақы төленбейтін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.