Қазақстанда 63 мың адам еңбек еткісі келмейді
506
Қазақстанда жұмыссыз жүрген және істегісі келмейтін 63,1 мың адам бар,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады.Жалпы жұмыспен қамту 2021 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 35,1 мың адамға, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 30,8 мың адамға өскен.
Толық жұмыспен қамтылмағандар саны — 254 мың адам.
Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) — 453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі — 4,9% деңгейінде өзгеріссіз қалды.
"Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны — 63,1 мың. 15-28 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 3,9%, NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі — 6,7%", — делінген хабарламада.
Биыл сәуірдің соңында 193 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелді. Олар жұмыс күшінің 2,1% құрайды.