ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ӨТКЕН ӘКІМ САЙЛАУЫ ЖЕЛІДЕ НАРАЗЫЛЫҚ ТУДЫРДЫ

1 838
Бүгінде әлеуметтік желілерде Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінің әкім сайлауы халық наразылығын тудырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Біз білетін сайлау  — демократиялық қоғамда  мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырып, саяси элита мен жетекшілерді іріктеп, мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік беріп, саяси жанжалдың алдын алуы тиіс деп білеміз. Ал, сайлау жалпыға бірдей, тең, төте   жарыспалы, ерікті түрде өтуге тиіс екендігі тағы бар. 

Десек те, Қазалы Ауданының Әкімдігіне қарасты Өркендеу ауыл әкімін сайлауындағы орын алған жағдай жаға ұстатты. Сайлау барысында хатшының өз көлігімен халықты сайлау учаскілеріне тасымалдауына не себеп?

Бұл жөнінде әлеуметтік желі белсендісі Сандуғаш Тұрлыбекова өзінің жеке парақшасына жариялаған болатын.

Сайлау учаскілерінің қаңырап бос тұрғандығын да тұрғындар жариялаған болатын. Ал, сайлау учаскелеріндегі жәйтке  Өркендеу ауылдық округі әкімінің сайлауында №89 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
  
«Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың: Қуанғали Қожахмет Мүбәракұлы үшін – 300 дауыс, 64,79% берілді, Утегенов Уркен Садыбекович үшін – 149 дауыс, яғни 32,18% берілді, Дайрабаев Сакен Жарылкасынович үшін ешкім дауыс бермеді. Сайлаудың қорытындысы жарияланғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы ретінде сенімді өкілдер мен байқаушыларға сайлау процесіне байланысты заңбұзушылықтарды анықтаған болсаңыздар, тиісті орындарға шағымдануға болады»,- деді  Аманбай Оракбай.


Ал, Өркендеу ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 768 азамат енгізілген, дауыс беруге 463 адам қатысты, яғни сайлаушылардың 60,28 проценті, сайлау бюллетеньдерінің жалпы санынан 14 сайлау бюллетені жарамсыз деп танылғандығы белгілі болды.

Сонымен қатар, сайлау барысындағы бейне жазбалардың қиындысы бүгінгі күні әлеуметтік желіде кеңінен тарап отыр. Бұл видеода дауыс беру бюллетендерінің санау барысындағы үзінді.
видео

 Алайда, желі қолданушылары сайлау комиссиясының әділ шешім қабылдап, қайта сайлау өткізетіндігіне кәміл сенуде.


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.