Павлодарда 1-сынып оқушысы марганцовка ішіп уланып қалған

340

Павлодардағы мектептердің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы уланып қалған. Ол өз бетінше шкафты ашып, ол жерден калий перманганаты (марганцовка) бөтелкесін тауып алып, аузына құйып жіберген, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға наурыз айында болған. Оқушы лезде ауруханаға жеткізілді.

“Полиция оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сыныптың мұғалімі басқа оқушының аяғы мен қолындағы жараны емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен калий перманганатын алғанын анықтады. Таңертең медбикеге бермек препаратты бермек болған ол калий перманганатының бөтелкесін асығыс үстелдегі шкафқа қоя салған”, – дейді Павлодар облысының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.