Кілтін кірпіш астына жасырған әйел алтындарынан айырылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАқтөбе облысының Шалқар қаласында үйге ұрлық жасалды. Үйден шамамен 1 миллион теңгеге бағаланған алтын және зергерлік бұйымдар ұрланған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ұры есікті бұзып кірмеген. Пәтер иесінің кілтті кіреберіс есіктің жанындағы кірпіштің астына қалдырып кеткені анықталды.                 

Тергеу операциясы барысында полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам кірпіш астына тасталған кілтті пайдаланып, пәтерге кіріп, алтын зергерлік бұйымдарды ұрлап, кейіннен оларды ломбардқа тапсырған. Ұрлықтың толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды кілттерді қауіпсіз жерде сақтауға шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.